Атом энергетикасын дамытудың бірнеше елеулі артықшылығы бар
Аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы
Бисенов Сабыржан Нұрахметұлы
Мемлекетіміздің басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақ жеріне АЭС салуды жалпыхалықтық референдум арқылы шешетінімізді əуел бастан ескерткен. Президент 2 қыркүйектегі Жолдауында бұл тақырыпқа бөлек тоқталғаны да белгілі. Мемлекет басшысы бас құжатта жаһандық энергетика тапшылығының күшейіп бара жатқанын алға тартып, елімізге сенімді жəне экологиялық таза қуат көздері аса қажет екенін атап өтті. Сөйтіп, АЭС салу мəселесіне қатысты өтетін республикалық референдум 6 қазанға белгіленді.
Болашақта атом энергетикасын дамытудың бірнеше елеулі артықшылығы бар екенін ескеруіміз қажет.
АЭС салу елді энергиямен қамтамасыз ету көздерін әртараптандыруға, көмір мен газға тәуелділікті азайтуға ықпал етеді. Сондай-ақ, атом энергетикасының мүмкіндігі, жаңа өндіріс орындарын дамыту перспективаларына және лайықты еңбек жағдайын жасауға ықпал етеді.
Дегенмен де мұндай маңызды шешімді қабылдау ел тұрғындарының қолында екенін айта отырып, барша аудан тұрғындарын өз таңдауын жасауға шақырамын!