«Көрші елдерге қатты тәуелдіміз». Сарапшы неге атом энергиясы керегін түсіндірді

Айтуынша, бүгін таңда Қазақстан көрші елдердің энергетикалық жүйелеріне қатты тәуелді.

2023 жылдың қорытындысы бойынша электр энергияның тапшылығы шамамен – 3,4миллиард кВт сағат. Оның 1,8 миллиардын тек Ресейден импорттадық.
Жалпы, электр қуатының тапшылығын бағалау үшін жыл соңындағы жалпы мәндерді пайдалану жеткіліксіз. Мысалы, кешкі шарықтау кезінде біз тек Ресейден Қазақстанның энергия жүйесіне 1,5 ГВт-қа дейін электр энергиясының түсуін байқаймыз. Басқа сөзбен айтқанда, дәл осы сәтте біз көрші елдердің энергетикалық жүйелеріне өте тәуелдіміз, – деді Байдулла.

Байдулла егер Қазақстанда АЭС-тің екі блогы салынса, жағдай өзгереді дейді.

Бірге есептейік. Әрқайсысы 1,2 ГВт екі энергоблок, яғни орнатылған қуаттылық – 2,4 ГВт. Атом электр станцияларының белгіленген қуатты пайдалану коэффициенті (БҚПК) 80-90 пайыз аралығында екенін білеміз. Бұл жағдайда екі 1,2 ГВт қондырғысы бар атом электр станциясы Қазақстанды 16-дан 19 миллиард кВт сағ электр энергиясымен қамтамасыз ете алады. Яғни, екі атом электр стансасы электр энергиясының бүгінгі тапшылығын бірнеше рет өтейді, – деді энергетик.

Жәнібек Байдулла тариф бағасы туралы айту әлі ерте дейді. Ол АЭС энергия тапшылығын, жиі жарықтың өшуі секілді мәселелерді айтарлықтай азайтады деп отыр.

Байдулла АЭС салу арқылы Қазақстан өз аумағында позициясын нығайтатынын айтады.

Бұл қазақстандық энергетика секторын ғана емес, сонымен қатар Орталық Азиядағы және Ресеймен арадағы электр энергиясы нарығындағы позициямызды нығайтады, – деді сарапшы.

ТегтерАЭС