Табиғатымыздың болашағы жастар үшін өте маңызды

Тайманова Бибигуль Махамбетқызы,

В.Пацаев атындағы орта мектебінің физика пәнінің мұғалімі

Табиғатымыздың болашағы жастар үшін өте маңызды, таза қуат көзіне көшу денсаулықтың бірден-бір кепілі. АЭС-тың салынуына байланысты біз дамыған елдердің қатарында болғандықтан жаңа технология, жаңа тәсілді қолданып экономикамызға алып келер пайдасының көп екенін түсінуіміз қажет.

Мұнай мен газ бағасы тұрақсыз болғандықтан, біраз мемлекет энергия қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін тұрақты энергия көзіне көшуді қарастырып отыр. Неге біз де осы елдердің қатарына қосылмасқа?!

Қазір әлем бойынша 31 мемлекет атом электр станциясын пайдаланып отыр. Әлемде жалпы 439 энергетикалық реактор бар, тағы да 52 реактор салынып жатыр. Физик маманы ретінде қазақстан халқына осы АЭС-тың құрылысын қолдауға шақырамын.