Өлмес өлең, өшпес мұра

Мұқағали Мақатаев – қазақтың лирик ақыны, мұзбалақ ақын, заманында лайық бағасын ала алмаса да өзінен кейінгілер үшін мәртебесі биік ақиық ақын. Өзінің отты да өрнекті өлеңдерімен өмірді ұғындырып, жұртының жүрегін жаулаған жыр жампозының қазақ поэзиясындағы орны ерекше. Қазақ поэзиясына ерекше серпін әкелген ақынның туғанына
биыл 93 жыл толды.
Осыған орай аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі мен аудандық тілдерді оқыту орталығының бірлесуімен Мұқағали Мақатаевтың 93 жылдығына орай аудан тұрғындары арасында ақынның өлеңдерін мәнерлеп оқудан байқау өтті.


Аталмыш байқаудың мақсаты — мемлекеттік тілді қастерлеу, ақын
шығармаларын дәріптеу, дауыс мәнерлігі және тіл тазалығын қалыптастыру арқылы көркем мәтінді оқу шеберлігін шыңдау.
Байқау 4 кезең бойынша өткізілді. Қатысушылардың өнерін әділқазылар алқасы бағалап, нәтижесінде жүлделі І орынды Жанат Түлкібаева, ІІ орынды Самал Елентаева, ал ІІІ орынды Елена Тәжбағанбетова иеленді.
Сайысқа қатысушылар мен жеңімпаздар ұйымдастырушылар тарапынан арнайы дипломдармен және де бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Тілек БЕГАЙДАРОВ

ТегтерБайқау