Елбасы тестілерінің жеңімпаздары

Ағымдағы жылдың 28-30 шілде аралығында Алматы қаласында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің — Елбасының Тестілері өтті.

Чемпионатқа еліміздің түкпір-түкпірінен көптеген спортшылар қатысып, өзара бақ сынасты.Президенттік көпсайыс — дене шынықтыру мен спортты насихаттау, сондай-ақ азаматтардың спорттық даярлығын арттыру мақсатында ұйымдастырылған маңызды іс-шара.

Жарысқа облыста чемпион атанған Жосалы орта мектеп-балабақшасының оқушылары қатысып, нәтижесінде олар үздіктер қатарынан көрінді.

Нақтырақ айтар болсақ, Александра Гайдай ұзындыққа секіруден — ІІІ орынға ие болды.Ал  Ксения Шмальц 60 м — І орын, денені көтеруден — І орын, ұзындыққа секіруден І орынға, 1000 м – ІІ орынға, жалпы есепте жүлделі І орынды иеленді. Сондай-ақ, Анастасия Томчук ұзындыққа секіруден –І орын, 30 м- ІІ орын, 500 м –ІІ орын, жалпы есепте ІІ орынға ие болды. Осылайша, жалпы командалық есеп бойынша  Ақтөбе облысы жүлделі ІІ орынды иеленді. Спортшыларды дайындаған жаттықтырушысы Айдар Жамалов.

Жұлдыз КЕНЖЕ