Қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті

  Өткен аптаның бейсенбісінде аудандық қоғамдық кеңестің кезекті отырысы болып өтті.

Жиынға кеңес төрағасы Жаңылсын Ысмағұлова, аудан әкімінің орынбасары Нұрлыбек Аманқұлов пен  кеңес мүшелері қатысты.  Отырысты  кеңес төрағасы Ж.Ысмағұлова ашып, кеңестің күн тәртібіндегі мәселелермен таныстырды.

Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша Бадамша ауылындағы орталық саябақты күтіп-баптау және абаттандыру бойынша  атқарылып  жатқан  шаралар  жайында  округ  әкімі  Ернар Дабилдин, екінші мәселе бойынша жастар саясатын жүзеге асыру туралы жастар  ресурстық  орталығының  басшысы  Мейіржан Жұбан хабарлама жасап, атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде баяндады.

Кеңес мүшелері қаралған мәселелерді талқылай отырып, өз ұсыныс-пікірлерін айтты.

Атап айтқанда, орталық саябақты жарықтандыру және абаттандыру бойынша іс-шаралар кешенін дайындау және іске асыру, сондай-ақ, балаларға қажетті ойын-сауықтарды көбейту және де аудан жастарының қызығушылықтарын арттыру мақсатында креативті, жаңашыл бағытта көптеген орта құру, Мәдениет бөлімімен бірлесе отырып, ауданның киелі мәдениет ескерткіштерінің аумағында экологиялық акциялар өткізуді қамтамасыз ету, сынды көптеген мәселелер кеңінен талқыланды.

         Жиын соңын кеңес төрағасы қорытындылап, айтылған ұсыныс-пікірлерлер бойынша тиісті басшылық орындарға ұсынылатынын және де  орындалуы бақылауда болатынын жеткізді.

Гүлжазира МЫРЗАБЕКОВА