Еурохаттама Қазақстанда
Қаржы нарығын және сақтандыру ұйымдарын реттеу мен дамыту органдарының көмегімен «Еурохаттама» мобильді қосымшасын іске қосу басталды.
2024 жылғы 1 қаңтардан бастап мардымсыз жол-көлік оқиғалары (ЖКО) болған жағдайда, азаматтар полицияны шақырмай және соттың шешімінсіз жеңілдетілген тәртіппен сақтандыру оқиғасын ресімдей алады.
Еурохаттама, қандай жағдайларда қолданылады:
- ЖКО-ға екі көлік құралы ғана қатысса;
- ЖКО-ға қатысушыларда қолданыстағы көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру болса;
- ЖКО нәтижесінде ЖКО қатысушылардың көлік құралдарына ғана шығын келтірілсе (өмірі мен денсаулығына зиян келтірілген зардап шегушілер болмаса, үшінші тұлғалардың мүлкі бүлінбесе);
- ЖКО-ға қатысушыларда бір тараптың кінәлі, екіншісінің зардап шегуші болуына қатысты келіспеушілік болмаса;
келтірілген шығынның шекті сомасы 100 АЕК-ке дейін – 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап 369 200 (үш жүз алпыс тоғыз мың екі жүз) теңге болса;
Еурохаттаманы ресімдеу үшін ЖКО-ға қатысушылардың екеуінде де смартфондарға мобильдік қосымшаны жүктеу, идентификаттаудан өту, апат орнынан сапалы түрде түсірілген фотосуреттер мен бейне жазбалар жасау қажет, содан кейін өтініш автоматты түрде сақтандыру ұйымына жіберіледі. Зардап шеккен тұлғаға сақтандыру жағдайын тіркеу туралы SMS хабарлама келуі тиіс. Осыдан кейін ғана жол көлік оқиғасы болған жерден кетуге болады. Жол полициясын шақырудың және сотқа жүгінудің қажеті жоқ. Сақтандыру жағдайын реттеу процесінің құжаттар топтамасын қалыптастырудан бастап төлем алуға дейінгі барлық кезеңі клиенттің жеке кабинетінде сақталады және Біріңғай Сақтандыру Дерекқорында тіркеледі.
«Еурохаттаманың» отаны Франция елі. Қазіргі таңда Германия, Бельгия, Греция, Италия, Португалия, Испания және т.б. елдерде кеңінен таралған. Сонымен қатар аталған жүйе біздің де елімізде де қолданылып, оң нәтижесін береді деп сенеміз.
«Еурохаттама» қосымшасы бойынша сұрақтар туындаған жағдайда +7 (727) 339 31 88 нөмірі бойынша колл-орталыққа хабарласа алады.
«Еурохаттама» мобильдік қосымшасын https://apps.apple.com/kz/app/europrotocol-app/id6470774500 https://play.google.com/store/apps/details?id=kz.ipgf.europrotocol.android мекенжайлары бойынша App Store және Google Play арқылы жүктеуге болады.
Сақтандыру оқиғаларын реттеудің
жеңілдетілген тәртібі бойынша жадынама – Еурохаттама
2024 жылғы 1 қаңтардан бастап мардымсыз жол-көлік оқиғалары (ЖКО) болған жағдайда, азаматтар полицияны шақырмай және соттың шешімінсіз жеңілдетілген тәртіппен сақтандыру оқиғасын ресімдей алады.
Еурохаттама, егер:
- ЖКО-ға екі көлік құралы ғана қатысса;
- ЖКО-ға қатысушыларда қолданыстағы көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру болса;
- ЖКО нәтижесінде ЖКО қатысушылардың көлік құралдарына ғана шығын келтірілсе (өмірі мен денсаулығына зиян келтірілген зардап шегушілер болмаса, үшінші тұлғалардың мүлкі бүлінбесе);
- ЖКО-ға қатысушыларда бір тараптың кінәлі, екіншісінің зардап шегуші болуына қатысты келіспеушілік болмаса;
- келтірілген шығынның шекті сомасы 100 АЕК-ке дейін – 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап 369 мың теңге болса, қолданылады.
ЖКО-ны «Еурохаттама» мобильдік қосымшасы арқылы ресімдеуге болады, https://apps.apple.com/kz/app/europrotocol-app/id6470774500
https://play.google.com/store/apps/details?id=kz.ipgf.europrotocol.android мекен жайлары бойынша App Store және Google Play жүктеуге болады
Маңызды:
ЖКО-ға қатысушылардың мобильдік нөмірлері Азаматтардың мобильдік базасында тіркелген болуы тиіс.
ЖКО-ға екі қатысушы да «Еурохаттама» қосымшасын жүктеуі және ЖКО бойынша мәліметтерді толтыруы қажет.
«Еурохаттама» қосымшасы бойынша сұрақтар туындаған жағдайда +7 (727) 339 31 88 нөмірі бойынша колл-орталыққа хабарласу қажет.
Д.К.САРСЕНОВА,
Қарғалы аудандық сотының судьясы