ЗЕЙНЕТАҚЫ АННУИТЕТІ ШАРТЫН КІМ ЖАСАЙ АЛАДЫ?
БЖЗҚ салымшылары өздерінің зейнетақы жинақтарын сақтандыру ұйымына аударып, зейнетақы аннуитеті шартын жасаса алады.
Негізгі шарттар:
— Міндетті зейнетақы жарналарын (МЗЖ) төлеушілердің жасы 45-тен асуы қажет
— Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын (МКЗЖ) төлеушілердің жасы 40-тан жоғары болуы тиіс
— Ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70% төмен емес мөлшерінде төлемдерді қамтамасыз ететін зейнетақы жинақтарының жеткілікті сомасы болуы керек. Нақты есептеуді сақтандыру ұйымы жасайды.
Маңызды дәйектер:
— Шарт жасасу үшін таңдалған сақтандыру ұйымына жүгіну қажет
– Аннуитет шарты бойынша сақтандыру төлемдері ай сайын, бірақ белгілі бір жастан ерте емес: ерлерге 55 жастан, 2024 жылы әйелдерге — 53 жастан жүргізіледі.
Егер шарт МКЗЖ есебінен жасалған болса, онда бұл адамдар үшін төлемдер олар 50 жасқа толған кезде жүзеге асырылады.
— Егер жинақ жеткіліксіз болса, ерікті зейнетақы жарналарын пайдалануға болады
— Шарт ерлі-зайыптылар немесе жақын туыстар болып табылатын екі сақтанушымен бірігіп жасалуы мүмкін
— Сақтандырылған тұлғалар шарт жасалғаннан кейін екі жылдан кейін төлем мөлшерін азайтып, ақшаны БЖЗҚ-ға қайтару арқылы оның талаптарын өзгерте алады
— Сақтандыру төлемдері өмір бойы жүзеге асырылады
— Шарт талаптарын, оның ішінде зейнетақы жинақтарының мұрагерлігі бөлігін мұқият зерделеуді ұсынамыз.
Айгуль ЖОЛАМАНҚЫЗЫ,
Барып қызмет көрсету бөлімінің жетекші маманы
Ақтөбе облыстық филиалы
«БЖЗҚ» АҚ