Терроризмге қарсы күрес-маңызды мәселе

Қазақта «Қамданған қапы қалмайды» деген жақсы сөз бар. Расында, қауіп айтып келмейді. Сондықтан да, кез келген нәрсенің алдын алған абзал. Соның ішінде терроризм — қазіргі дәуірдегі ең қауіпті қылмыс түрі. Сондықтан да, білім ордаларында терроризмнен қалай қорғану керектігін түсіндіретін арнайы жұмыстардың жүргізілуінің маңызы зор. 

                                   

Осы орайда орта білім беру ұйымдарындағы терроризмге қарсы қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін аудандық білім бөлімі, полиция басқармасы өкілдері мен информатика мамандарынан құралған зерделеу топтары құрылды.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 30 наурыздағы «Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы қызметті жүзеге асыратын террористік тұрғыдан осал объектілерінің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы  № 117 бұйрығына сәйкес Білім беру ұйымдарында қауіпсіздікті сақтау мақсатында аудандық орта білім беру ұйымдарының терроризмге қарсы қауіпсіздікті қамтамасыз ету қызметіне зерделеу жұмыстары  жүргізілді.

Жұмыс барысында «Білім беру объектілерінде терроризмге қарсы қорғауды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулық» аясында бекітілген алгоритмдер тәжірибе жүзінде пысықталып, оның нұсқамасы беріліп, тиісті деңгейде орындалуы қадағаланды.

Бақыт ИМАШЕВ