ЕСІРТКІГЕ ЖОЛ ЖОҚ

ЕСІРТКІГЕ ЖОЛ ЖОҚ

Өткен аптаның жұмасында аудандық аурухананың «Салауатты өмір салтын қалыптастыру» кабинетінің мамандары Самат Мұқтасаровтың жетекшілігімен Бадамша агро — техникалық колледж студенттерімен кесапаты жетерлік есірткінің жастар арасында болып кетпеуі барысында түсінік жұмыстарын жүргізу болатын.

Денсаулық сақтау саласын дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасының аясындағы іс-шараларды іске асыру барысында біраз түсінік кездесулер өткізіліп келеді.

Осы өткен БАТ студенттерімен өткізген «Есірткіге жол жоқ» түсінік жұмысы да атаулы бағдарламаның сабақтастығы деп бағалауға болады. Аудандық аурухананың нарколог дәрігері Гүлмира Танабергенова есірткінің кеселі отбасына ойраны, болашаққа байлау, жастарға тұсау тұстарын жастарға жеткізе айтып, алдын алу амалдары мен тәсілдеріне кеңінен тоқталды.

Сайып келгенде негізгі мақсат жас жеткіншектердің есірткінің уына уланбай, салауатты өмір салтын ұстанып, Тәуелсіз еліміздің салауатты да салихалы азамат,азаматшасы болуға буындары қатпай тұрып тәрбиелеу. Студенттерде ыждағатпен тыңдап, түсінік жұмысын сұрақ-жауапқа жалғастырып талқылауға белсене араласып отырды.

 Бақыт Имашев.