«АҢСАР» АҚПАРАТШЫЛАРЫМЕН КЕЗДЕСУ

«АҢСАР» АҚПАРАТШЫЛАРЫМЕН КЕЗДЕСУ

Өткен аптаның жұмасында ауданымызға Ақтөбе облыстық «Аңсар» ақпараттық-талдау орталығының мамандары іс-сапармен келді.

Аталған орталық мамандарының негізгі мақсаты: жыл басында бекітілген жұмыс жоспарына сәйкес, тұрғындар арасында діни бағытта түсіндірме жұмыстарын жүргізу болып табылады.

Осыған байланысты Коворкинг орталығында аудан тұрғындарымен, Агротехникалық колледж студенттерімен, аудандық мешітте жамағатпен, аудандық аурухана қызметкерлерімен және аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі ұжымдарымен кездесулер өткiзiп, қажетті ақпараттарымен бөлісті және қойылған сұрақтарға нақты жауаптары берілді.

Қарғалы-ақпарат.