Артына өшпес өлеңдер қалдырған ақын

Артына өшпес өлеңдер қалдырған ақын

Жақында Қарғалы аудандық балалар кітапханасының ұйымдастыруымен «Ымырттағы кітапхана» әлеуметтік- мәдени шарасы өтті.

Шараның мақсаты: ғасырлар тоғысында ғасыр ақыны атанған М.Мақатаевтың ақындық талантын шәкірт жүрегіне ұялату, сол арқылы олардың бойында поэзия әлеміне, жалпы сөз өнеріне сүйіспеншілікті берік қалыптастыру. Отанды, туған жерді сүюге тәрбиелеу, ақын жырларынан үлгі алу.

Ұйымдастырылған шарада қазақ халқының ақиық ақыны Мұқағали Мақатаевтың туғанына 92 жыл толуына орай «Өлең өзегі- өршіл рух» атты поэзия кеші өтті. Халқымыздың аяулы ұлының артына қалдырған өшпес мұрасы жыл өткен сайын әр қазақтың жүрегінде маздап, әр шаңырақта, әр сахнада шарықтай шырқала түсуде. Мұқағалидай перзенті бар халық — шынымен де бақытты халық. Мұқағали — ғажайып, ақиық, сыршыл, гуманист ақын. Ақын өлеңдерін оқыған сайын ақиқат бейнелі рух, сезім мен сананың бірлігі көңілге ұялайды. Шарада кітапханашы оқырмандарды ақынның өмір жолымен, шығармашылығымен таныстырды.

Қарғалы аудандық балалар кітапханасының оқырмандары ақынның өлеңдерін жатқа оқып, сұрақ — жауап, викториналық сұрақтарға жауап берді, кітапханашы кітап көрмесімен таныстырды.

«Ымырттағы кітапхана» әлеуметтік шарасы кітапханашылармен окырмандар арасындағы ұйымшылдықпен өтті, кітапхана мен оқырмандар арасындағы байланыстың нығая түсуіне септігін тигізетін дәстүрлі, ауқымды шара.

 Қарғалы-ақпарат.