Жеңіс құтты болсын!

24 сәуір күні “Қурайлы” мәдениет үйінде қазақ киносының жарық жұлдызы, КСРО халық әртісі Шәкен Аймановтың 110 жылдығы мен Ақтөбе қаласының 155 жылдығына арналған “Өмір — театр, біз — актермыз” тақырыбында облыстық балалар мен жасөспірімдер театрының фестивалі өтті.

Фестивальде Қарғалы аудандық мәдениет үйінің “Ұшқын” халықтық жастар театры өнер көрсетіп, бағын сынады. Әділ қазылардың шешімі бойынша “Ұшқын” халықтық жастар театрының авторлық “Шеңбер” қойылымы “Үздік қойылым” деп танылып, “Үздік бейне” номинациясын театр актёры Данияр Сембин жеңіп алды.

Бақыт ИМАШЕВ

ТегтерТеатр