Таланттыларды танытқан байқау

19-20 сәуір күндері Ақтөбе қаласында облыстық білім басқармасының «Ақтөбе-Дарын» өңірлік ғылыми-тәжірибелік қосымша білім беру орталығының қолдауымен шығармашылық көпжанрлы «TALANTTAR Alemi — 2024» байқау – фестивалі өтті.

 

Байқауға шет мемлекеттерден белгілі өнер жұлдыздары шақырылды. Атап айтар айтсақ, Түркияның Анкара қаласынан белгілі композитор, танымал аранжировщик–музыкант Murat Akçay және Әзірбайжанның Баку қаласынан сол елдің еңбек сіңірген әртісі, Өнер тарихы бойынша PhD докторы, доцент, мемлекеттік академиялық филармониясының мемлекеттік капелласының дирижер-хормейстері Юлизана Кухмазова келді. Қонақтар байқауға қатысушыларды әр түрлі талаптар бойынша өнерлерін бағалап, жүлделі орындармен марапаттады.

Бұл байқауға біздің аудандық балалар өнер мектебінің оқушылары да қатысып, өз өнерлерін көрсетіп, хореография, вокал, аспаптық жанр, театр жанрлары бойынша бақтарын сынады. Нәтижесінде «Өркен» оқушылар театры мен «Өркен» халықтық аспаптар ансамблі Бас жүлде мен қаржылай сыйлыққа ие болды.

Нақтырақ айтар болсақ, вокал жанры бойынша Айзере Дүйсенбай-1 орын (вокал жанры), Мирам Амандық-1 орын (аспаптық жанр, домбыра), «Кербез» би ансамблі-1орын (хореография), Малика Магамбетова-2 орын (вокал жанры), Айдана Курманбаева, Дарина Балгазина, Ксения Андреева, Айзия Талғат–Квартет-2 орын (вокал жанры), Манұр Нұрлан–2 орын (аспаптық жанр, домбыра), Нұрсезім Аманжол-2 орын (аспаптық жанр, домбыра), Қадыр Сисенбай-2 орын (аспаптық жанр, домбыра), Камилия Алмагамбетова-3 орын  (вокал жанры), Бибінұр Аманғос–3 орын (вокал жанры), Айша Аманжол-3 орын (вокал жанры), Шамшырақ Боранбаева–2 орын (вокал жанры), Алтынай Жолшора-3 орын (аспаптық жанр, домбыра), Наурызбек Жалғасбай-3 орын (аспаптық жанр, домбыра), Ақбота Әділ-3 орын (аспаптық жанр, домбыра), Адина Турмуханбетова мен Шамшырақ Боранбаева–2 орын (дуэт, дәстүрлі ән жанры) және де Алишер Садыров, Айнара Темирхан, Алишер Ахметов, Амирхан Тлеукулов, Әлішер Асқар аспаптық жанр, домбыра бойынша өнер көрсеткендері үшін  арнайы дипломдармен марапатталды.

   

Ал талантты бүлдіршіндерді өнерге дайындаған барлық жетекшілеріне де алғыс хаттар мен қаржылай сый-сияпаттар тыбыс етілді.

Жұлдыз КЕНЖЕ

 

ТегтерФестиваль