ӨТКЕНГЕ ЕСЕП, АЛДАҒЫ МІНДЕТ ТЫҢДАЛДЫ

ӨТКЕНГЕ ЕСЕП, АЛДАҒЫ МІНДЕТ ТЫҢДАЛДЫ

ӨТКЕН АПТАНЫҢ СЕЙСЕНБІСІНДЕ АУДАНДЫҚ АУРУХАНАНЫҢ МӘЖІЛІС ЗАЛЫНДА АУДАН ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ ИНДИРА САКАУОВАНЫҢ ТӨРАҒАЛЫҒЫМЕН АУДАНДАҒЫ АҚ ХАЛАТТЫЛАР БАСШЫЛАРЫНЫҢ ӨТКЕНГЕ ЕСЕП АЛДАҒЫ МІНДЕТТЕРІ БАРЫСЫНДАҒЫ МӘЛІМДЕМЕЛЕРІ ТЫҢДАЛДЫ.

Осы өткен медициналық кеңесте аудандық аурухананың бас дәрігері Берік Жаржановпен аудандық санитария эпидемиологиялық басқарма басшысының міндетін атқарушы Айгуль Бержанова өткен 2022 жылы атқарылған жұмыстарына шолу жасай отырып 2023 жылғы атқарылар жұмыстардың бір қатарымен таныстырды.

Осындай жұмыстар, Міндетті әлеуметтік сақтандырудың қағидаларын тұрғындарға кеңінен түсіндіру, кепілдік берілген МӘМС аясындағы дәрі-дәрмекпен толық қамту, ана мен бала өлімін болдырмау шараларының алдын алу, 2021-2025 жыл аралығындағы «Дені сау ұлт» шеңберіндегі бағдарламаларды толық жүзеге асыру, аудан тұрғындарын ежелден кеселі мол туберкулёз ауруынан сақтандырып, емдеу-сауықтыру шараларын жетілдіре түсу. Жылдағы үрдіс бойынша жылжымалы флюорографияны, жылжымалы емхана жұмыстарын жандандыра түсу, профилактикалық ұлттық скринингтен тұрғындардың толық өтуін қадағалап, жағдай жасау.

Айта берсек ақ халаттылар алдында биылғы қоян жылы да тұрғындарға атқарар жұмыс жетерлік. Осындай ауқымды жұмыстарды атқару үшін медициналық орындар талапқа сай, құрал жабдық заманға сай болуы да сөз болды. Кеңес соңы сұрақ -жауапқа ұласып, ақ халаттылар ел үшін адал еңбекке уағдаласқандай тарасты.

Бақыт Имашев.