Су тасқыны кезеңінде халықты ауыз сумен қамтамасыз етуге мониторинг жүргізілді

Тұрғындарды қауіпсіз ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында Ақтөбе облысы санитариялық-эпидемиологиялық департаментінің аумақтық басқарма мамандарымен  су сынамалары алынып, зертханалық тексерістер жүргізілуде.

Су тасқыны  жағдайы басталғалы бері  ағымдағы жылдың 10 сәуіріне дейін 628 су сынамасы алынып, микробиологиялық және санитарлы-химиялық көрсеткіштерге тексерілді.

Бүгінгі таңда су көрсеткіштерінің гигиеналық талаптарға сай келмейтіндігі анықталған жоқ. Облыстағы бес су құбырларына дизенфекциялық жұмыстар жүргізілді. Облыс тұрғындарын таза ауыз сумен қамту Департаменттің бақылауында.

 

aqtobegazeti.kz