Еріктілердің тынымсыз еңбегі
Ақтөбе қаласының 11,12 шағын ауданындағы Сазды өзені аумағында жұмыс жасаған құтқарушыларға, әскерилер мен жұмысшыларға облыстық мәслихат депутаттары 200 кісілік ыстық тамақ, бауырсақ және ыстық шай апарды.
Депутат Күлшат Масалимованың айтуынша, су тасқыны кезінде халықтың ауызбіршілігі, құтқарушылар мен әскерилердің, еріктілердің тынымсыз еңбегі көрінуде.
Депутаттар Кәмшат Төлеуова мен Раушан Жәлімбетова азаматтарға ыстық шай мен бауырсақ үлестірді. Бойын жылытып, ыстық шай ішкен мекеме жұмысшылары депутаттарға ризашылығын білдірді.
@aqtobeoblystyqmaslihaty