Су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға тиісті көмек көрсетілуде

#26, #36 және #71 мектептерде құрылған эвакуация пункттерінде жергілікті атқарушы органдар, демеушілер мен еріктілер су басқан саяжайлар тұрғындарына тиісті жағдай жасауда.

Облыстық мәслихаттың төрағасы Гүлқасима Сүйінтаева, мемлекеттік қызмет ардагері Сәния Қалдығұлова және облыстық мәслихаттың депутаттары мектептерді аралап, тұрғындардың хал-жағдайын білді.
#26 орта мектептің директоры Талғат Ерназаров қазіргі таңда мұнда жақын маңдағы саяжайлардан көшірілген 88 адам орналасқанын айтты. Қажет болса, оқу орны тағы жиырма адамды қабылдауға дайын.

—Тұрғындарға тиісті жағдай жасалып, үш мезгіл тамақ, қосымша ас ұйымдастырылып, кезекшілерге бөлек тамақтану кестесі қарастырылған. Медициналық пункт таңғы сағат 9.00-ден кешкі сағат 20.00-ге дейін жұмыс істейді, біз барлық қажетті дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етеміз. Бізге еріктілер де белсенді түрде көмектеседі, — дейді мектеп директоры.
Гүлқасима Сүйінтаева тұрғындармен тілдесіп, олардың жағдайын сұрады. Алдағы уақытта су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға тиісті көмек көрсетілетінін жеткізді.
@aqtobeoblystyqmaslihaty

В эвакуационных пунктах, созданных в школах #26, #36 и #71, силами местных исполнительных органов, спонсоров и волонтеров создаются надлежащие условия для жителей подтопленных дачных коллективов.
Председатель областного маслихата Гулкасима Суентаева, ветеран госслужбы Сания Калдыгулова и депутаты областного маслихата сегодня побывали в них.
Директор СШ #26 Талгат Ерназаров сообщил, что в настоящий момент здесь разместились 88 человек, эвакуированных с близлежащих дачных коллективов. В случае необходимости учебное заведение готово принять еще двадцать человек.
— Для жильцов созданы надлежащие условия, организовано тр
ехразовое питание и полдником, для держащих оразу отдельный график приема пищи. С 9 до 8 вечера работает медицинский пункт, всеми необходимыми лекарственными препаратами мы обеспечены, — говорит директор школы.
В школах #36 и #71 временно разместились 160 и 300 человек соответственно. В них тоже созданы надлежащие условия.