Аналар басқосқан шара

Халқымыз ер-азаматты шаңырақ иесі десе, әйел ананы отбасының алтын қазығы деп құрмет тұтады. Әйел-Ана – тіршілік тұтқасы, отба­сы­ның берекесі, алтын діңгегі, тілеу­қор қолдаушысы. Сондықтан, әйел қауымына деген құрмет артықтық етпейді.

Осы орайда 6 наурыз күні «Коворкинг» орталығында аудандық ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен 8 наурыз — Халықаралық әйелдер күні мерекесі  аясында «Арулар — асыл жандар» тақырыбында дивертисмент кездесу кеш өтті.

Кездесу кешіне аудандық аналар кеңесінің мүшелері мен қоғам белсенділері және де мекеме қызметкерлері қатысты.  Іс шараның мақсаты – Халықаралық әйелдер күні мерекесін атап өту, анаға деген мейірімді, сүйіспеншілікті арттыру, аналар туралы өлең шумақтарын оқу, мейірімділікке баулу, әйел затына деген құрметті арттыру болып табылады.

Кездесу кешінде ана туралы әндер шырқалып, түрлі ою өрнектерден тапсырмалар орындап, нәзік жанды ақындардың жыр-шумақтары оқылып, сұрақ-жауап ұйымдастырылып, аналар кеңесінің белсенді мүшелеріне естелік сыйлықтар табысталды.

Қарғалы-АҚПАРАТ

ТегтерКездесу