Аудан әкімі Нұрлыбек Өнербаев мәслихат депутаттарын сайлауда өз таңдауын жасады

Бүгін елімізде барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының сайлауы өтуде. Осыған орай Қарғалы ауданындағы 16 сайлау учаскесі өз жұмысын белгіленген тәртіпке сай жүргізуде.

Аудан әкімі Нұрлыбек Өнербаев №243 сайлау учаскесіне барып, дауыс беріп, өз таңдауын жасады.
Аудан басшысы тұрғындарды сайлау науқанына белсенді қатысып, азаматтық ұстанымдарын білдіруге шақырды.
Әрбір азаматтың дауысы – ел болашағын қалыптастыруға қосқан үлесі.




