Конституция – ел болашағының берік негізі

Ата Заң – тәуелсіздігіміздің тірегі, мемлекетіміздің дамуы мен өркендеуінің маңызды негізі. Конституцияда елдің басты құндылықтары, азаматтардың құқықтары мен міндеттері, мемлекеттік басқару жүйесінің негізгі қағидаттары айқындалған.
Конституцияны құрметтеу – әрбір азаматтың парызы. Заңды сақтау, ел бірлігін нығайту, қоғамдық келісім мен тұрақтылықты қамтамасыз ету – ортақ міндетіміз.
Әділетті қоғам құру, заң үстемдігін қамтамасыз ету және болашақ ұрпаққа жарқын келешек қалыптастыру – Конституция талаптарын орындаудан басталады.
Конституция – бірлігіміздің негізі, тәуелсіздігіміздің тірегі, жарқын болашағымыздың кепілі!
Тыныштық Әлішер, “Жастар рухы” жастар қанатының Ақтөбе облыстық филиалының төрағасы




