ЖОЛДАУ – ЖАҢА ТАРИХИ КЕЗЕҢНІҢ БАҒДАРЫ

Еркебұлан ӘБДІҒАЛИЕВ,

 аудандық аурухана басшысы

2026 жылғы 28 қазанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Жолдауын жариялады.

Жолдауда еліміздің тарихи белестері мен алдағы даму бағыттарына ерекше мән берілді. Биыл 25 қазанда ұлттық мерекеміз – Республика күнін атап өттік. Дәл осы күні Егемендік туралы декларация қабылданып, дербес ел болу жолында батыл қадам жасалды. Көп ұзамай Тәуелсіздік туын биікке көтеріп, елдігіміздің іргесін бекіттік. Міне, биыл қасиетті Тәуелсіздігімізге 35 жыл толып отыр. Бұл тарихи меженің ұлт шежіресіндегі орны ерекше.

Биыл наурыз айында халқымыз мемлекеттігіміздің негізгі тірегі – Конституциямызды қабылдады. Бұл – тұтас еліміз үшін тарихи мәні терең оқиға. Азаматтарымыз жаппай қолдаған Конституция 1 шілдеде заңды күшіне еніп, еліміздің саяси жүйесін түбегейлі жаңғыртуға және жаңа билік институттарын қалыптастыруға үлкен серпін берді. Бүгінде халқымыз жарқын болашаққа бастайтын ауқымды жұмыстарды жүзеге асыруға белсенді түрде кірісті. Мемлекет басшысы өз Жолдауында: «Ел өміріндегі тарихи өзгерістердің барлығы халықтың көз алдында болып жатыр», – деп атап өтті.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың кезекті Жолдауы – еліміздің жаңа тарихи кезеңдегі даму бағытын айқындайтын маңызды әрі стратегиялық құжат. Ел дамуына серпін беретін бұл тарихи қадамдарды толықтай қолдаймыз. Оларды жүзеге асыруға әрбір азамат өз үлесін қосуы тиіс деп есептеймін.