Республика мен Тәуелсіздік күндерінің айырмашылығы неде

Фото: Мақсат Шағырбай/Kazinform
Оның айтуынша, Қазақстан аумағында өмір сүрген сақ тайпаларының мемлекеттілігі туралы фильмдер түсіріп, оқулықтар жазып, олардың тарихи жәдігерлері зерттеліп жатыр.
— Ол замандарда мемлекеттік басқару жүйесі, әскер мен шекара болған. Ата-бабаларымыз осы жерді қорғап, оны сақтап қалу жолында ерлік танытқан. Кейін түркі дәуірінде мемлекеттілік дәстүрі жалғасын тауып, орта ғасырларда жаңа кезеңге ұласты. Бұл кезеңде оннан астам түркі мемлекеті қалыптасып, олардың әрқайсысы өзінен бұрынғы мемлекеттік дәстүрді жалғастырды. Одан кейін Еуразия құрлығының ұлан-ғайыр аумағын қамтыған Алтын Орда мемлекеті тарих сахнасына шықты. Біз — сол үлкен мемлекеттік дәстүрдің тікелей мұрагеріміз. Президентіміз де арнайы симпозиумда осы мәселеге тоқталып, бәрімізге ерекше әсер еткен баяндама жасады, — деді ол.
Ол Алтын Ордадан кейін Қазақ хандығы құрылғанын айтады.
— Қазақ хандығының тарихы мен мемлекеттік дәстүрі — төл қазақ мемлекеттілігінің, ұлттық мемлекеттілігіміздің айқын көрінісі. Одан кейінгі кезеңдерде де түрлі қиындықтар болды. Алайда соларға қарамастан, мемлекеттілігіміздің негізінде қалыптасқан дәстүр жалғасып, заман талабына сай жаңарып отырды. Соның нәтижесінде 1991 жылы тәуелсіз Қазақстан Республикасы құрылды. Сондықтан Республика күнінің мен үшін басты мәні осында: біз өзімізге де, өскелең ұрпаққа да қазақ мемлекеттілігінің сан ғасырлық тарихы мен дәстүрі бар екенін терең түсіндіріп, ұғындыруымыз керек, — деді Рауан Кенжеханұлы.
Бұдан бұрын хабарланғандай, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Республика күні қарсаңында бір топ азаматты мемлекеттік наградалармен марапаттау туралы Жарлыққа қол қойды.
Сонымен қатар мерекеге орай Алтынбек Қоразбаевқа «Отан» ордені, Талғат Мұсабаевқа халық әртісі атағы берілетінін жаздық.
https://kaz.inform.kz/news/respublika-men-tauelszdk-kundernn-ayirmashiligi-nede-482a54f5




