Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Түрікменстанға барды

Фото: Ақорда
АСТАНА. KAZINFORM – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Түрікменстанға барды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Қазақстан Президентін әуежайдан Түрікменстан Министрлер кабинеті Төрағасының орынбасары – Сыртқы істер министрі Рашид Мередов қарсы алды.
Осыған дейін Президенттің Түрікменстанға жұмыс сапарымен баратыны туралы жаздық.




