ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС ЖҰМЫС  ЖАСАУДА

«Қоғамдық кеңес өз қызметін Қазақстан Республикасының «Қоғамдық кеңестер туралы» Заңының 5-бабына сәйкес өз құзыреті шегінде әзірленген Ереже негізінде, жылдық жоспарға сәйкес жүзеге асырады. Аудандық қоғамдық кеңес мүшелерінің саны — 10 адам, оның ішінде 7 мүше коммерциялық емес ұйымдардан, ал 3 мүше мемлекеттік органдардың қызметшілері арасынан құралған.

2025 жылы 6-отырыс өткізіліп, оның барысында әлеуметтік-экономикалық даму, кадр жұмысы, ауыл шаруашылығы мәселелері, сондай-ақ аудан аумақтарын абаттандыру мен санитарлық тазалау, ауданда туризмді дамыту және жер ресурстарын тиімді пайдалану туралы мәселелер қаралды.

2026 жылы 4 отырыс өткізілді. Онда «2023–2025 жылдарға арналған бюджеттік және демеушілік қаражат есебінен елді мекендерді абаттандыру мен көгалдандыру туралы», кәмелетке толмағандарды еңбек қызметіне тарту, аудандық білім беру мекемелеріндегі тамақтандыруды ұйымдастыру мәселелері, сондай-ақ «Ауданда шағын және орта бизнесті дамыту үшін мемлекеттік қолдау шараларын қолданудың тиімділігі туралы» мәселелер қаралды. Жыл соңына дейін жұмыс жоспарына сәйкес тағы бір отырыс өткізу көзделіп отыр. Қаралған барлық мәселелер бойынша тиісті құрылымдық бөлім басшыларына нақты ұсынымдар жолданады. Қоғамдық кеңес мүшелері аталған ұсынымдардың орындалуын тұрақты түрде талап етеді, тиісті ұсыныстар мен ескертулер енгізеді және олардың орындалуын бақылауда ұстайды.

 Гүлнар ОРАЗБАЕВА,

 аудандық Қоғамдық кеңестің хатшысы