АУДАН ӘКІМІ АУЫЛДАРДЫ АРАЛАП ЖҮР

АУДАН ӘКІМІ АУЫЛДАРДЫ АРАЛАП ЖҮР

АУДАН ӘКІМІ АСҚАР ЖҮСІБАЛИЕВ КЕЛІСІМДІ КЕСТЕГЕ САЙ ӨТКЕН АПТАДА КЕМПІРСАЙ, СТЕПНОЙ, ӘЛІМБЕТ, АЩЫЛЫСАЙ АУЫЛДЫҚ ОКРУГТЕРІНЕ ҚАРАСТЫ АУЫЛДАРДА БОЛЫП ҚАЙТТЫ.

Президентіміз әкімдерге халықпен тығыз байланыста болуды, елді мекендерді жиі аралап, тұрақты кездесіп тұруды жүктегені жалпы жұртқа аян. Осыған байланысты аудан әкімдері өз ауыл-аймағын аралауды жиілетіп келеді.

Аттан түспеген аудан әкімдерінің бірі Асқар Жүсібалиев те әр сапарында, тіпті, қыстың көзі қырауда да ауылдардың жай-күйін көзбен көрулері тиісті мекеме мен бөлім басшыларын ерте жүріп, тапсырма беруді де дәстүрге айналдырып жүр.

Аудан әкімі осы жолы да аталған ауылдық округтерінің ауылдарына әдейі ат басын бұрып, аралау барысында өткен 2022 жылды қорытындылап, жаңа жылдың міндеттерін ауыл тұрғындарына хабардар етті. Сонымен қатар ауылдықтарға бет бұрар «Ауыл аманаты» жобасын толық таныстырып, күні кеше таратылған мәжіліске жаңа үміткерлер сайлауда белсенді болуға шақырды.

АУДАН ӘКІМІ АУЫЛДАРДЫ АРАЛАП ЖҮР

Тұрғындар да ауылдағы бұралқы иттермен күрестен бастап, ауылішілік жолдарды қардан тазалау, кешкі шамдар мәселелері бойынша өз ұсыныс-тілектерін айтты.

Кездесу барысында аудан басшысы барлық сұрақтарға тұшымды жауап беріп, біраз мәселенің түйінін бірлесе шешетінін айтты. Сондай-ақ ол халықтың әл-ауқатын арттыру үшін ауыл әкімдері мен сала мамандары бірігіп, жұмыла, тиянақты жұмыс жасау қажеттігін тапсырды.

Аудан әкімі өзі барған жерлердегі балабақша, мектеп, амбулатория секілді әлеуметтік нысандарды аралап, жылыту маусымын пысықтады. Сондай-ақ дәріханаларына кіріп, тұрғындар тарапынан жиі сұралатын дәрілердің бар-жоғын тексерді.

Алдағы уақытта та аудан әкімі ауылдық округтер мен елді мекендерді аралап, тұрғындармен кездесулер ұйымдастырмақ. Әлбетте ол жерлерде де ұсыныс-пікірлер тыңдалады.

Бақыт ИМАШЕВ.