Біздің Инга – жүлдегер

Былтыр желтоқсан айында Алматы қаласында КСРО және Қазақстанның Халық әртісі, Халық қаһарманы Роза Бағланованың 100 жылдық мерейтойына арналған «Менің жүрегімнің әуені» тақырыбында II Республикалық «Аrt-колонок-2022» байқау-фестивалі өтті.

Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен Т.Жүргенов атындағы қазақ ұлттық өнер академиясы мектеп-интернатының ұйымдастыруымен өткен байқауға Қарғалы аудандық балалар өнер мектебінің көркемсурет бөлімінің тәрбиеленушісі Инга Вагнер Айнұр Қангелдинаның жетекшілігімен салған «Земля моя» атты туындысын ұсынған болатын. Көп суреттің ішінен жас суретші салған картина өзіндік ерекшелігімен төрешілердің көзіне түсті. Осылайша Инга Вагнер «Үйлестіру» номинациясы бойынша жүлделі үшінші орынға ие болды.

Қарғалы-ақпарат.