АЩЫЛЫСАЙ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ САЙЛАНДЫ

2026 жылдың 13 қыркүйегінде Ащылысай ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті.

Қарғалы аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2026 жылғы 14 қыркүйектегі шешімі негізінде  «Әділет» партиясынан ұсынылған Асылбек Бахытжанұлы Биманбаев Ащылысай ауылдық округінің әкімі болып сайланды.

Ол Ащылысай ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары. «Рауан» Ақтөбе Кеден – қаржы колледжін «қаржы бақылау және ревизиялар» мамандығы бойынша, Ақтөбе қазақ–орыс халықаралық университетін «қаржы» мамандығы бойынша бітірген.   Еңбек жолын  2001 жылы информатика пәнінің мұғалімі болып бастап, 2001 жылы Преображенов мектебінің меңгерушісі, ал 2014 жылдан бастап Ащылысай ауылдық округінің әкімі қызметін атқарып келді.

Жаңадан сайланған округ әкімінің қызметіне аудан әкімі Нұрлыбек Унербаев сәттілік тілеп, бірқатар тапсырмалар жүктеді.

Қарғалы-АҚПАРАТ