Қасым-Жомарт Тоқаев ШЫҰ жиындарына қатысу үшін Бішкекке барды

БІШКЕК. KAZINFORM – Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстан Президенті Садыр Жапаровтың шақыруымен Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің 26-отырысына және «ШЫҰ+» форматындағы кездесуге қатысу үшін Бішкек қаласына жұмыс сапарымен барды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Қазақстан Президентін «Манас» әуежайынан Қырғызстан Министрлер кабинетінің төрағасы – Президент Әкімшілігінің басшысы Адылбек Қасымалиев қарсы алды.


Айта кетейік, осыған дейін Тоқаев Садыр Жапаровты Қырғызстанның Тәуелсіздік күнімен құттықтады.




