Мемлекеттік қызметтегі меритократия – кәсіби мемлекеттік аппараттың негізі

Мемлекеттік аппараттың сапасыелдегібасқару тиімділігін айқындайтын бастыфакторлардың бірі. Ал кәсіби әрі халыққа қызметететін мемлекеттік аппараттың өзегіндемеритократия қағидаты тұр.

Меритократия – мемлекеттік қызметшініңмансаптық өсуі таныстыққа немесе жекебайланысқа емес, оның біліміне, қабілетіне, кәсібитәжірибесіне және нақты нәтижесіне қарайқалыптасуы. Сондықтан мемлекеттік қызметкебілікті, адал әрі жауапты мамандарды тартумемлекеттік басқарудың маңызды міндеті.

Қазақстанда меритократия мемлекеттікқызметтің негізгі қағидаттарының бірі ретіндезаңнамалық тұрғыда бекітілген. Оның бастымақсатықызметшілерді кәсіби жетістіктерінеқарай ілгерілету, мемлекеттік аппараттыңтиімділігін арттыру және азаматтардыңмемлекеттік қызметке деген сенімін нығайту.

Мемлекет басшысы мемлекеттік қызметкенақты сектордан жаңа басқарушы кадрларды тартуқажеттігін айтып, мұндай іріктеу «меритократия және ашық бәсекелестік қағидаттарына сай» жүргізілуі керектігін атап өткен болатын.

Бүгінде елімізде бұл қағидатты жүзеге асырудыңнақты тетіктері қалыптасып келеді. Деректергесәйкес, 2026 жылдың бірінші жартыжылдығындаөңірде 247 ашық конкурс өткізіліп, оған 1991 азамат қатысты. Бір орынға бәсекелестік – 8 адамды құрады. Конкурс қорытындысы бойынша153 қатысушы жеңімпаз атанып, мемлекеттікқызметке орналасу мүмкіндігіне ие болды.

Одан бөлек 55 мемлекеттік қызметші кәсібибіліктілігі мен қызметтік нәтижелерінің негізіндежоғары тұрған лауазымдарға тағайындалған. Бұлқызметтік өсудің нақты еңбек пен кәсіби қабілеткенегізделетінін көрсететін маңызды мысал.

Меритократия қызметшілерді мансаптық өсугеғана емес, өз білімін жетілдіруге, жаңа дағдылардымеңгеруге және жұмысының нәтижелілігінарттыруға ынталандырады.

Меритократияны қамтамасыз етудегі маңыздыбағыттардың бірімемлекеттік қызметке іріктеуүдерістерін цифрландыру.

Елімізде конкурс рәсімдері цифрлық форматқакөшірілді. Үміткерлер өтінішті «Е-қызмет» ақпараттық жүйесі арқылы онлайн береді. Конкурс нәтижелерін автоматты есептеу және прокторингқолдану рәсімдердің ашықтығы мен объективтілігін арттыруға мүмкіндік береді.Конкурстың орташа өткізілу мерзімі бұрынғы 23–30 жұмыс күнінен 5–7 жұмыс күніне дейінқысқарды

Бұлмеритократия қағидатын цифрлықтехнологиялар арқылы нығайтудың нақты мысалы.

Енді үміткердің мемлекеттік қызметке кірумүмкіндігі оның кәсіби дайындығы мен конкурс нәтижесіне барынша тікелей байланысты. Мұндайжүйе субъективті факторлардың ықпалын азайтып, мемлекеттік қызметке ең қабілетті мамандардытартуға жағдай жасайды.

Кәсіби мемлекеттік аппарат қалыптастырудакадрлық резерв институтының да маңызы зор. Президенттік және өңірлік кадр резервтеріталантты, білімді жастарға мемлекеттік басқаружүйесінде өз қабілетін көрсетуге мүмкіндік беріпотыр.

Өңірлік кадрлық резервке іріктелген 23 резервшінің 13-і жоғары тұрған лауазымдарғатағайындалған. Бұл кадр резервінің мемлекеттікаппаратқа жаңа буын мамандарын тартудағытиімділігін көрсетеді.

Меритократия қағидатын одан әрі нығайтудыңмаңызды қадамы – 2026 жылғы жаңа «ҚазақстанРеспубликасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның қабылдануы.

Жаңа Заң мемлекеттік қызметтің кәсібилігінарттыруға, кадрлық процестерді цифрландыруғажәне азаматтарға бағдарланған сервистік модельдіқалыптастыруға бағытталған. Мемлекеттікқызметке іріктеуді толық цифрландыру, жас әріталантты мамандарды алдын ала даярлау, тәлімгерлік институтын енгізу және бір лауазымшеңберіндегі көлденең мансаптық өсу тетігісоның маңызды жаңалықтары

Әсіресе бір лауазым шеңберіндегі көлденеңмансаптық өсу тетігі назар аударуға тұрарлық. Бұлқызметшіге міндетті түрде басқа жоғары лауазымғаауыспай-ақ, өз саласында кәсіби шеберлігінарттырып, еңбек нәтижесіне қарай өсуге мүмкіндікбереді. Яғни, мансаптың өлшемі тек лауазым атауыемес, кәсіби құзырет пен нақты нәтиже болмақ.

Меритократия – тек кадрлық саясаттыңқағидаты емес, ол мемлекеттік басқарумәдениетінің маңызды бөлігі. Оның негізінде ашықмүмкіндік, әділ бағалау және нақты нәтижеге қарайөсу ұстанымдары жатыр.

Қазақстанда мемлекеттік қызметке қабылдаудыцифрландыру, ашық конкурстар өткізу, кадр резервтерін қалыптастыру және кәсібижетістіктерге негізделген қызметтік өсу тетіктеріосы бағыттағы жұмыстардың нақты көрінісі.

Білімі мен біліктілігіне, еңбегі мен нәтижесінеқарай бағаланатын мемлекеттік қызметшікәсібимемлекеттік аппараттың негізгі тірегі. Ал кәсіби, адал әрі жауапты мемлекеттік аппарат – елдіңтұрақты дамуы мен азаматтардың мемлекетке дегенсенімінің берік негізі.

Ардақ Елеусізова,

ҚР Мемлекеттік қызмет істері

агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша

департаментінің бас маманы