Көпбалалы ана өз таңдауын жасады

Бұл жолы да ол отбасымен келіп, өз таңдауын жасады.
— Өскелең ұрпақтың болашағы жарқын болғанын қалаймын. Өзім 7 баланың анасымын. Үлкенім — 16 жаста. Сайлауға қатысу — тек құқықтық емес, келер ұрпақ алдындағы да жауапкершілік. Мемлекеттің өркендеуі әр азаматтың белсенділігіне байланысты. Қазір елімізде халықтың үнін тыңдауға, қоғамның пікірін ескеруге ерекше мән беріледі. Сондықтан Құрылтай депутаттарының сайлауына үлкен жауапкершілікпен қарап, өз таңдауымды жасадым. Әрбір берілген дауыс — еліміздің тұрақты дамуына, бірлігі мен берекесінің нығаюына қосылған үлес. Сайланған депутаттар ел үмітін ақтасын деген тілегім бар, — деді ол.
Тәрбиеші көмекшісі болып жұмыс істейтін Жанар жолдасы екеуі балаларының болашағы үшін аянбай еңбек етіп жүр.

Ақмарал САЙЛАУҚЫЗЫ.