«Digital Аqtobe»: жаңа технологияларға жол ашқан көрме

Ақтөбедегі №581 сайлау учаскесі өз жұмысын таңғы сағат 7.00-де бастады. Сайлау күні учаскеде тұрғындардың қызығушылығын арттырып, заманауи технологиялардың мүмкіндіктерін таныстыру мақсатында «Digital Aqtobe» көрмесі ұйымдастырылды.Көрме барысында келушілерге робототехника, VR технологиясы, 3D-принтер және басқа да цифрлық жаңалықтар таныстырылды. Заманауи технологияларға қызығушылық танытқан тұрғындар көрмені тамашалап, ұсынылған құрылғылардың жұмысымен жақынырақ танысты.

Кәмшат ҚОПАЕВА.