ҚАРҒАЛЫЛЫҚТАР ӨЗ ТАҢДАУЫН ЖАСАУДА

Бүгін, 23 тамыз – еліміз үшін маңызды күн. Осыған орай Қарғалы ауданында сайлау үдерісі басталды.
Аудан бойынша барлығы 16 сайлау учаскесі жұмыс істеуде. Оның ішінде 4 сайлау учаскесі аудан орталығында, ал 12 учаске ауылдық округтерде орналасқан.
Дауыс беру сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін жалғасады.
Таңғы уақыттан-ақ аудан тұрғындары белсенділік танытып, өз азаматтық таңдауын жасауда.
Әр дауыс – ел болашағына қосылған үлес! 🇰🇿





