ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАЗЫНАШЫЛЫҚ ОРГАНДАРЫНДАҒЫ СЫБАЙЛАС  ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ

Қазақстан 2015 жылдан бері «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заң бойынша жұмыс істейді. Сыбайлас жемқорлық – мемлекеттің дамуына, қоғамның әл-ауқатына және азаматтардың билікке деген сеніміне кері әсер ететін қауіпті құбылыс. Қазақстан Республикасында бұл мәселеге ерекше назар аударылып, мемлекеттік басқару жүйесінде ашықтық пен әділдікті қамтамасыз ету бағытында  ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Соның ішінде қазынашылық органдарының қызметінде  сыбайлас жемқорлықтың алдын алу маңызды орын алады.

Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі жүйесіндегі мемлекеттік қазынашылық органдары мемлекеттік бюджеттің орындалуын қамтамасыз етіп, қаржы қаражатының тиімді әрі  заңды жұмсалуына бақылау жасайды. Сондықтан бұл саладағы адалдық пен ашықтық мемлекет үшін стратегиялық маңызға ие.

Мемлекеттік қазынашылық органдары:

  • Республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуын ұйымдастырады;
  • Мемлекеттік мекемелердің төлемдерін жүргізеді;
  • Бюджет қаражатының мақсатты жұмсалуын бақылайды;
  • Мемлекеттік қаржы операцияларының есебін жүргізеді.

Осы міндеттердің маңыздылығы қазынашылық қызметкерлерінен жоғары кәсібилікті, жауапкершілікті және адалдықты талап етеді.

Қазынашылық органдарындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мемлекеттік қаржы жүйесінің тиімділігін арттырудың маңызды шарты. Ашықтықты қамтамасыз ету, цифрлық технологияларды дамыту, қызметкерлердің кәсіби этикасын нығайту және қоғамдық бақылауды күшейту  арқылы сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға болады.

Ашықтық процестерді мөлдір етеді және шенеунік үшін сыбайлас жемқорлық әрекетінің бағасын арттырады.

Әділ әрі адал мемлекеттік қызмет – ел дамуының кепілі. Сондықтан әрбір мемлекеттік қызметші заң талаптарын сақтап, қоғам алдындағы жауапкершілігін терең сезінуі қажет.

Ақтөбе облысы бойынша Мемлекеттік қазынашылық департаментінде және аудандық қазынашылық басқармаларында 2026 жылдың мамыр-маусым айларын «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы екі айлық» ретінде өткізу жоспарына сәйкес «AMANAT» партиясының аудандық филиалының атқарушы хатшысы Надежда Заглядова аудандық мемлекеттік қазынашылық басқармасының мемлекеттік қызметкерлерімен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» тақырыбында семинар өткізді.

Д.ЕРЖАНБАЕВА,

аудандық мемлекеттік қазынашылық  басқарма басшысы