ҚАЗАҚСТАН – ЖЕҢІС ҰСТАХАНАСЫ, ЕРЛІК ПЕН ЕҢБЕКТІҢ ӨШПЕС ІЗІ

9 мамыр – қасиетті мереке қарсыңында біз тарих парақтарына тағы бір мәрте көз жүгіртіп, республикамыздың фашизмді талқандауға қосқан өлшеусіз үлесін еске аламыз. Қазақстан  үшін Ұлы Отан  соғысы жылдары майдан шебіндегі қахармандық пен тылдағы ерен еңбектің сыналар шағы болды.

Қазақ КСР –нен майданға әрбір бесінші тұрғыны атанды –  бұл 1,2 миллионнан астам адам. Біздің жерлестеріміз Мәскеу түбінде жан аямай шайқасты, Сталинградты қорғады,  Ленинград қоршауын бұзып өтті және Рейхстагқа жеңіс  туын тікті.  Бауржан Момышұлы, Әлия Молдагулова, Мәншүк Мәметова, Талгат Бигелдинов пен басқа да жүздеген мың жауынгердің есімдері әлем тарихына алтын әріптермен жазылды.

Ер-азаматтар майданда шайқасып жатқанда, Қазақстан  қуатты индустриялық арсеналға айналды. «Майданда атылған он оқтың тоғызы Қазақстан қорғасынынан құйылды» деген сөз жай ғана теңеу емес, тарихи шындық. Бүгін, арада ондаған жылдар өтсе де, 9 мамыр біз үшін «көзімізге жас алдыратын» қасиетті мереке болып қала береді. Бұл-бейбіт аспан сыйлаған аталарымыз бен әжелерімізге алғыс айту күні. Біз бүгінгі Тәуелсіздігіміздің іргетасы сол бір жылдардағы халықтың бірлігі мен төзімділігі арқасында қаланғанын ұмытпаймыз.

Ардагерлер мен тыл еңбеккерлеріне басымызды иіп, тағзым етеміз, ерліктеріңіз мәнгілік.

Анар  ЖЕНСИКБАЕВА,

аудандық  сотының аға сот приставы