7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне орай аудан әкімінің құттықтауы

Құрметті қарғалылықтар!

Қарулы күштер сарбаздары мен ардагерлері!

 Сіздерді 7 мамыр – Отан қорғаушылар күнімен шын жүректен құттықтаймын!

         Бұл – батыр бабалардың даңқты жолы мен кейінгі буынның Отанға адал қызмет ету дәстүрін сабақтастыратын мерекелі күні.

Тәуелсіз Қазақстанның бүгінгі айбынды қорғаушылары бабалар ізімен Отанымыздың, оның әрбір азаматының қауіпсіздігін қорғауға дайын екендігін танытып жүр. Осы орайда, ата-бабаларымыз бен аға ұрпақтың даңқты жолдарын ардақтаған қарғалылықтар да мемлекеттің қорғаныс қуатын күшейтуге лайықты үлесін қосуда.

Біздің жерлестеріміз елімізбен, көп ұлтты халқымызбен бірге жеңімпаздық рухын биік ұстап келеді.

Жас ұрпақтың аңызға айналған батырларының лайықты ізбасары ретінде шешуші сәтте өз Отанының ұлттық мүддесі мен әрбір қазақстандықтың қауіпсіздігін қорғауға әзір екені сөзсіз.

Қадірлі жерлестер!

Қазақтың каһарман ұлы Бауыржан Момышұлының «Өз елін мақтаныш етпеу – сатқындықпен тең» деген қанатты сөзі бар. Қастерлі Отанымызға қалтқысыз қызмет ету және оны қорғау – әрбір азаматтың қасиетті борышы. Осындай перзенттік парызымызды өтеу – әрбір қазақстандықтың айнымас міндеті.

Бұл күн әрдайым бізге бейбітшіліктің, әділеттіктің және туған жерге сүйіспеншіліктің көрінісі болып қала береді.

Мереке күні сіздерге амандық, бақыт, ертеңгі күнге нық сенім және сүйікті Отанымыздың игілігіне ұзақ та жемісті еңбек ете беру жолында сәттілік тілеймін!

Құрметпен,

аудан әкімі Н.Унербаев