АШЫҚ ТЕРЕЗЕ – БАЛАЛАР ҮШІН ҚАУІП: ҚАЙҒЫЛЫ ЖАҒДАЙДЫҢ АЛДЫН АЛУ ЖОЛДАРЫ

Жылы мезгілдің келуімен бірге балалардың терезеден құлау жағдайлары жиілейді. Оның негізгі себебі – ересектердің бақылауының жеткіліксіздігі және жалған қауіпсіздік сезімі. Москиттік торлар баланың салмағын көтеруге арналмаған және оңай шығып кетеді.
Көбінесе 1 жастан 6 жасқа дейінгі балалар қауіп тобына жатады. Бұл жаста олар айналаны белсенді зерттеп, терезе алдына шығып, торға сүйеніп, бір сәтте тепе-теңдігін жоғалтуы мүмкін.
Қайғылы жағдайдың алдын алу үшін қарапайым қауіпсіздік шараларын сақтау қажет:
- балаларды ашық терезесі бар бөлмеде қараусыз қалдырмау;
- терезелерге арнайы бекіткіштер мен құлыптар орнату;
- жиһазды терезе маңынан алыстату;
- москиттік торға сенбеу;
- балаларға ашық терезенің қауіпті екенін түсіндіру.
Балалардың қауіпсіздігі – ересектердің жауапкершілігі. Қарапайым сақтық шаралары бала өмірін сақтап қалуы мүмкін.
Аудандық төтенше жағдайлар бөлімі




