МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕГІ ӘДЕП, ЖАУАПКЕРШІЛІК ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРДІҢ ҚҰҚЫҚТАРЫНЫҢ ҚОРҒАЛУ МӘСЕЛЕЛЕРІ

Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларын сақтауын, бұзушылықтардың алдын алуын қамтамасыз ететін Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің жанынан аумақтарда құрылған консультативтік-кеңесші орган Әдеп жөніндегі кеңестің қызметін ерекше атауға болады. Әдеп жөніндегі кеңес қызметтік әдеп нормаларын бұзушылықтардың алдын алып, мемлекеттік қызметшілердің жауапкершілігін қараумен қатар олардың құқықтарын қорғауды да жүзеге асырады.

Кеңеске мемлекеттік органдардың өкілдерінен бөлек, мәслихат депутаттары, журналисттер, қоғамдық бірлестіктердің өкілдері қатысады. Кеңес отырыстарында қаралатын мәселелердің ашықтығын және объективтілігін қамтамасыз ету мақсатында жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері шақырылады. Кеңес отырысына бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің шақырылуы мемлекеттік қызметшілер арасындағы бұзушылықтардың алдын алу бойынша жүргізіліп жатқан шараларды кеңінен насихаттауға, сондай-ақ Әдеп жөніндегі кеңеске деген қоғамдық сенімнің қалыптасуына көмектеседі.

Жыл басынан бастап Ақтөбе облысында Әдеп жөніндегі кеңестің 2 отырысы өткізілді.

Сонымен қатар, Әдеп жөніндегі кеңес мүшелері мемлекеттік қызметшілердің әдептілік деңгейін көтеруге бағытталған шаралар қабылдап, белсенді жұмыс жасауда. Кеңес мүшелері отырысқа қатысып қана қоймай, мемлекеттік органдар арасында, оның ішінде аудандарға барып мемлекеттік қызметшілермен кездесіп, азаматтарға жеке қабылдау жүргізеді. Ағымдағы жылдың 1-тоқсанының қорытындысы бойынша кеңес мүшелерімен 5 жеке қабылдаулар жүргізілді.

Бұдан бөлек, Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті тарапынан мемлекеттік қызметшілердің құқықтарын қорғау мен олардың әлеуметтік кепілдіктерін қамтамасыз ету мақсатында жүргізіліп жатқан жұмыстар аз емес. Соның бірі мемлекеттік қызметшілерге іссапар шығындарын төлеу мәселелеріне жүргізілген талдау нәтижесінде ағымдағы жылдың 1-тоқсанының қорытындысы бойынша өңірдегі мемлекеттік органдардың 21 мемлекеттік қызметшісінің құқықтары бұзылып, нәтижесімен олардың (21) бұзылған құқықтары қалпына келтірілді.

Мемлекеттік қызметшілердің мүддесін қорғаудың тағы бір түрі – үстеме жұмыстарға тартуға жол бермеу. Ағымдағы жылдың 1-тоқсанының қорытындысы бойынша жүргізілген мониторинг нәтижесінде 46 мемлекеттік қызметшінің тынығу сағаттарын беру арқылы құқықтары қалпына келтірілді.

Бұдан басқа, мемлекеттік қызметшілердің әлеуметтік-тұрмыстық және өзге де жеке қажеттіліктерін өндіріс мүдделерімен үйлестіру мақсатында қызметшілер үшін икемді жұмыс уақыты режимі белгілену мүмкіндігі қарастырылған. Осы режимді өңірде 31 мемлекеттік қызметші қолдануда. Жалпы, икемді жұмыс уақыты режимін қолдану мемлекеттік қызметшінің тиімді жұмыс атқаруына септігін тигізері сөзсіз.

Гүлхан СИСЕНБИНА,

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің бас маманы

ТегтерҚызмет