ҚАРҒАЛЫ АУДАНЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ ТҰРҒЫНДАРЫ!

Көктемгі кезеңнің басталуына және сенбіліктердің өтуіне байланысты өрттің туындау қаупі артады. Аула аумақтарын тазалау барысында тұрғындар қоқысты, құрғақ шөпті және былтырғы жапырақтарды жиі өртейді. Өкінішке орай, мұндай әрекеттер көбінесе өрттің шығуына әкеліп соғады, ал ол өз кезегінде тез таралып, мүлікке, қоршаған ортаға зиян келтіріп, адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіруі мүмкін.

Сіздерден өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтауды және жауапкершілік танытуды сұраймыз!

МАҢЫЗДЫ:

ҚОҚЫСТЫ, ҚҰРҒАҚ ШӨПТІ ЖӘНЕ ЖАПЫРАҚТАРДЫ ӨРТЕУГЕ ҚАТАҢ ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ

Желді ауа райында өрттің таралу қаупі бірнеше есе артады;

Тіпті шағын өрт ошағы үлкен өртке айналуы мүмкін;

Мүмкіндігінше қалдықтарды жоюдың баламалы тәсілдерін пайдаланыңыз (шығару, жинақтау);

Өрт анықталған жағдайда — дереу 101 немесе 112 нөмірлері бойынша ТЖ қызметіне хабарласыңыз!

ҚР ӘҚБТК-НІҢ 336-БАБЫ БОЙЫНША ЖАУАПКЕРШІЛІК:

86 500 ₸ (20 АЕК) — жеке тұлғалар

216 250 ₸ (50 АЕК) — лауазымды тұлғалар

865 000 ₸ (200 АЕК) — шағын бизнес және ҮЕҰ

1 297 500 ₸ (300 АЕК) — орта бизнес

2 162 500 ₸ (500 АЕК) — ірі бизнес

Өзіңізді, жақындарыңызды және қоршаған ортаны сақтаңыздар!

 Қарғалы ауданының төтенше жағдайлар бөлімі