ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ҚОҒАМДАҒЫ ОРНЫ

Қазақстан Республикасының тіл саясатына сәйкес, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан  Назарбаев  атап  өткендей,  қазақ тілін дамыту- мемлекет үшін маңызды міндеттердің бірі. Қазақ тілі- барлық қазақстандықтарды біріктіретін  негізгі факторлардың бірі. Сонымен  қатар елімізде тұратын барлық этнос өкілдерінің өз ана тілінде еркін сөйлеп, білім  алуына және оны дамытуына қолайлы жағдай жасау қажет.

Орыс тілі елімізде бұрынғыдай көптеген қоғамдық салаларда қолданылады. Сонымен бірге орыс тілді тұрғындар арасында қазақ тілін меңгеру деңгейінің  артуы байқалады, яғни қазақ тілін қолдану аясы кеңейіп келеді.

Көпұлтты Қазақстан қоғамында халықтың басым бөлігі орыс тілін еркін меңгерген. Бұл тіл ұлтаралық қатынас тілі ретінде маңызды рөл атқарады. Сонымен қатар халықтың қазақ тілін түсіну және қолдану деңгейі де біртіндеп артып келеді.

Қазіргі уақытта іс жүргізуді қазақ тіліне көшіру үдерісі жүзеге асырылып жатыр. Күнделікті қарым – қатынаста, әсіресе ірі қалаларда, қазақ және орыс тілдері қатар қолданылады. Дегенмен қазақ тілінің қоғамдағы рөлі жылдан жылға артып келеді. Басқа  ұлт өкілдері үшін қазақ тілін меңгеру- ең алдымен  қазақ халқының мәдениеті мен дәстүрін түсінудің маңызды жолы.

Өз тілінде сөйлейтін, өз тілінде жазатын халық ешқашан жойылмайды. Ұлттың сақталуына әсер ететін ең маңызды  фактор – тіл екенін Ахмет Байтұрсынұлы атап өткен.

Бүгінде мемлекеттік тілді білу – азаматтың бәсекеге қабілеттілігінің маңызды көрсеткіштерінің бірі. Патриотизм, ұлттық мәдениет пен дәстүрге құрмет қазақ тілін меңгеру арқылы қалыптасады.

Анар  ЖЕНСИКБАЕВА,

аудандық сотының    аға сот приставы 

ТегтерЗаң