Республикалық референдумға атсалысқан белсенділер қатарында Қазақстанның Еңбек Ері, «Степное» ЖШС басшысы Төлеуов Аманғос Сансызбайұлы

Республикалық референдумға атсалысқан белсенділер қатарында Қазақстанның Еңбек Ері, «Степное» ЖШС басшысы Төлеуов Аманғос Сансызбайұлыда бар.
Аманғос Сансызбайұлы Степной ауылдық округіндегі №259 референдум учаскесінде өз таңдауын жасады.
«Бұл референдумның маңызы зор. Елдің, өзіміз тұратын ауылдың болашағына тамшыдай болса да үлес қосамын деген әрбір адамда осындай түсінік қалыптасуы керек. Еліміз мұнан ары көркейіп, экономикасы дамып, әлеуметтің әлеуеті артады деп сенемін», – деген ол еліміздің болашағы үшін дауыс беру әр азаматтың борышы екенін атап өтті.
Айта кетейік, Аманғос Төлеуов – Степной ауылының таңғажайып күйге енуіне, көркейіп-гүлденуіне маңдай терін төгіп жүрген азамат. Ел ағасының игі бастамаларын, Степной ауылының дамуы жолындағы жұмыстарын, қайырымдылық шараларын аудан жұрты жақсы біледі.






