Республикалық пәндік олимпиада басталды
Сейсенбі күні жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың аудандық кезеңі басталды.
Олимпиаданың басты мақсаттары: дарынды және талантты, тапқыр және мақсатқа ұмтылған балаларды анықтау, оқушылардың зияткерлік және аналитикалық ойлауын, олардың танымдық белсенділік деңгейін, тапқырлығын, ұстамдылығы мен шыдамдылығын анықтау.
Олимпиада 2023 жылдың 19 желтоқсан күні жалпы білім беретін пәндер бойынша 9-11 класс аралығында жалпы пәндік олимпиада № 2 Бадамша орта мектебі базасында өткізілуде. Олимпиадаға барлығы – 80 оқушы қатысуда. Олимпиада тапсырмалары «Дарын» республикалық ғылыми — практикалық орталығынан жіберілді.
«Ашықтық» және «әділдік» принциптеріне негізделген олимпиада жұмысын «Қамқоршылық кеңесінің» мүшелері, ата — аналар қауымдастығы сынды тәуелсіз сарапшылар құрамы қатысып бақылауда.
Жұлдыз КЕНЖЕ.