Жаңа Конституция жобасы бойынша референдумда қанша адам дауыс бере алады?

Қазақстан Республикасы Орталық референдум комиссиясының отырысында 2026 жылғы 15 наурызда өтетін жаңа Конституцияның жобасы бойынша референдумға қанша азамат қатыса алатыны айтылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Биылғы жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша тұрғылықты жері бойынша тұрақты тіркелген 12 416 759 азамат сайлаушылар тізіліміне енгізілді. Яғни бүгінде республикалық референдумға қатысу құқығы бар азаматтардың тізімін жасауға негіз бар. Енді тек қаңтар-ақпан айларындағы көші-қон үдерістеріне және азаматтардан түскен өтініштерге байланысты нақты түзетулер енгізу қажет», деді Орталық референдум комиссиясының мүшесі Азамат Айманақұмов.




