16 желтоқсан — Тәуелсіздік күніне орай аудан әкімі Асқар Жүсібалиевтің аудан тұрғындарын құттықтауы

ҚҰРМЕТТІ ҚАРҒАЛЫ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ!

ҚЫМБАТТЫ ЖЕРЛЕСТЕР!

 

Баршаңызды егемен еліміздің мерекесі – Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Тәуелсіздік – тәңірдің біздің ұрпаққа берген үлкен бақыты, халқымыздың мәңгілік құндылығы. Біз бүгінге дейінгі барлық жетістіктерімізге Тәуелсіздіктің арқасында қол жеткіздік.

Біздің бүгінгі мақсаттарымыз бен міндетіміз тұрғындарымыздың өмірінің сапасы мен тұрмыстық деңгейін көтеруге бағытталған.

Елдің даму көшінде біздің ауданның да өзіндік орны бар. Аудан тұрғындарының ерен еңбектерінің нәтижесінде өңірде экономиканың барлық бағыттары қарқынды дамып келеді.

Әр салада жаңашыл бастама мен игілікті істер бар. Мұның бәрі берекелі бірлігіміздің арқасында жеткен жетістіктеріміз. Алдағы уақытта да әлі талай игілікті істердің куәсі болатынымызға сенімдіміз.

 

Барша аудан тұрғындарын Тәуелсіздік күні мерекесімен шын жүректен құттықтай отырып, еліміздің кемел келешегін нығайту жолындағы еңбектеріңізге табыс, мықты денсаулық, отбастарыңызға амандық, бақ — береке тілеймін!

 

Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, мемлекетіміздің мерейі үстем, еліміздің егемендігі баянды болсын!

 

Құрметпен,

аудан әкімі А.Жүсібалиев.