Тәуелсіздік — тәңір сыйы
Жасыратыны жоқ қиын-қыстау заманда өзге ел асқан, ата-бабаларға арман болған қазақ еліне ұрпақтары қайта оралмаса, бізге қазақ еліндегі Тәуелсіздіктің шапағатына кенелу де болмас еді. Сондықтан, алыстан елін аңсап оралған әке-шешелерімізге рахмет айта отыра, Тәуелсіздік біздер үшін тәңірдің сыйы деп бағалаймыз.
Мен Нургул Шоңаева 1991 жылы 15 сәуірде Өзбекстан Республикасы Қоңырат ауданының Раушан кеңшарында алда қазақ даласында көктудың көкте желбірерін сезгендей дүниеге келген сәбидің бірімін. Әкем Мухит Муртазаев пен анам Қаламқас Уразбағанбетова қарапайым еңбек адамдары. Атам Шоң ауыл-аймаққа қасапшылығымен таныла жүріп, бір әулеттің ақылшысы, елге сыйлы адам болған. Өзім отбасында екі ұлмен тете өскен қызбын. Раушан ауылындағы 2 орта мектебінде оқып, білім алдым. Осы жақтан колледжді бітіріп, «есепші» мамандығын алып шықтым. Мамандығым бойынша қазіргі уақытта жоғарғы оқу орынында білім алудамын.
Жолдасым Шыңғыс Утепбергенов аудандық ауруханада ұсташылық қызметте. Мен де осы мекемеде кіші медициналық қызметкермін. Екеуміз де осы мекемеде 8 жылдай бірге қызмет жасап келеміз. Сондай-ақ, бұл ортадан, яғни ұжымнан үйренгендеріміз жетерлік және де жұмысымыз да ұнайды. Отбасымызда 4 бала өсіп келеді.
-Қарапайым отбасынан шыққан біздер, қазіргі кезде ата-ана ретінде бала тәрбиесіне баса назар аударамыз. Ата-ананың міндеті өз балаларына ұлттық құндылықтарды кішкентай кезінен санасына құйып отыру керек деп ойлаймын. Сондықтан да, балаларымыздың болашағы үшін алаңдай отырып, зор жауапкершілікті сезінеміз-дейді тәуелсіздіктің құрдасы Нургул.
Осы орайда Тәуелсіздік таңы атқан 32 жылда елімізде біраз жақсылықтар болғанына тәуелсіздік құрдастары да куә. Бастан-аяқ тізбей, күні кеше еліміз адам санының 20 миллиондық қуанышты сәтін тойлады. Соның ішінде қазақтардың үлесі 70 пайыздан аса болуы да ел Тәуелсіздігінің басты жеңісі. Еліміз тыныш, жағдайымыз күн санап жақсарып келеді. Осындай мамыражай елде болашақ ұрпақтарымыздың еш уайымсыз өсіп-өніп келе жатырғанын көргеннен артық бақыт бар ма?!