Аудан әкімі Велихов ауылдық округін аралады

Аудан басшысы Асқар Жүсібалиев кездесу кестесіне сәйкес, Велихов ауылдық округінде болып, аудан тұрғындарымен жүздесті.

Тұрғындармен кездесу барысында ағымдағы жылдың 11 айында атқарылған жұмыстармен жыл соңына дейінгі жоспарланған жұмыстар легіне тоқталып өтті. Сондай-ақ, тұрғындар тарапынан көтерілген сауалдарға жауап беріп, шешімі табылуға тиісті мәселелерді жауапты мекеме басшыларына тапсырды.

Одан соң аудан әкімі іссапар аясында Велихов ауылы аумағында құрылыс материалдарына қажетті шикізат өндіруші «Алина Холдинг» ЖШС-де болып, жұмыстарымен танысты. Аталған серіктестік «Велиховский» карьерінен мәрмар тас өндіріп, өндірілген шикізаттан құрылысқа қажетті бұйымдар мен материалдар дайындап, бүгінде облыс аумағында өндірілген тауарлары қажетті салаларда пайдаланылуда.

Ауыл тұрғындары үшін ауыз су мәселесі басты орында. Осы орайда аудан басшысының жұмыс сапары тұрғындарды сапалы ауыз сумен қамту мақсатындағы, Велихов ауылында орнатылған модульді блогының жұмысымен және де  көктемгі су тасқынын алдын алу мақсатында, ауыл іргесіндегі өзеннің су ағар жолдарын бақылаумен жалғасты. Айта кететін жайт бүгінде аталмыш ауылдың тұрғындары модульді блогы арқылы тазартылған ауыз суды пайдалануда.

Сондай-ақ, аудан әкімі Велихов ауылдық округі аумағында егіс шаруашылығын жүргізіп жатқан»Ди-Лэнд» және «Велиховка» ЖШС-де болып, жұмыстарымен танысып, қамбаларға құйылған дақылдар тұқымдарын қарады.

Жұлдыз КЕНЖЕ.

 

ТегтерІссапар