Жаңа жыл мерекесіне орай аудан әкімінің құттықтауы

Құрметті жерлестер!

 Баршаңызды келе жатқан Жаңа 2026 жылмен шын жүректен құттықтаймын!

Еліміз үшін парасат пен пайымға толы тағы бір жыл ХХІ ғасыр қойнауына енгелі тұр. Жаңа жыл – жаңа бастамалар, жаңа мақсаттар бастау алатын, ертеңгі күнге үлкен үмітпен, сеніммен қадам басатын уақыт.

Биыл Қарғалы халқы үшін мол жетістіктер мен сәтті жыл болды. Өрісіміз малға, қамбамыз дәнге толды. Ауданымыздың әрбір жеткен жетістіктері мен тындырымды істерінде әрқайсыңыздың жеке үлестеріңіз бар. Сондықтан баршаңызға жасампаз еңбектеріңіз бен елге деген жанашыр ниеттеріңіз үшін шексіз ризашылығымды білдіремін.

Жылан жылы барлығымыз үшін айрықша маңызды, жағымды жаңалықтар мен жақсылыққа толы болды. Өткен жылға өкпе жоқ. Ал алдағы жылға артылар үміт пен сенімді бастамаларымыз бар.

                                                         ҚАДІРЛІ АҒАЙЫН!

Жаңа жыл – жақсылықтың жаршысы. Әрбіріміздің болашаққа бағдар құратын және үлкен міндеттерді орындауға иек артатын кезең.

Табалдырығымыздан аттағалы тұрған Жылқы жылы толағай табысы мен ырзық-несібесін сыйлап, әрбір шаңыраққа құт-береке әкелсін. Бірлігіміз бекем, ісіміз мығым болсын! Жаңа жыл барлығымызға береке-бірлік әкелсін!

Мерейлі мерекемен құттықтай отырып, Сiздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, жаңа жетiстiктер тiлеймiн!

Мереке құтты болсын!

Құрметпен,

аудан әкімі Н.Унербаев