ЖОЛ КАРТАСЫНЫҢ ОРЫНДАЛУЫ – БАСТЫ НАЗАРДА  

2025 жылдың 15 желтоқсан күні Қарғалы аудандық мәслихатындағы «AMANAT» партиясы фракциясы мен партиялық бақылау комиссиясының бірлескен кезекті отырысы өтті.

Жиынға фракция мүшелерімен қатар партиялық бақылау комиссиясының өкілдері, аудан әкімі Нұрлыбек Унербаев, аудандық мәслихат төрағасы Сапарбек Аманжолов, аудан әкімінің орынбасары Бекзат Бадақов, бөлім басшылары және қоғамдық ұйым өкілдері қатысты.

Отырысты «AMANAT» партиясы Қарғалы аудандық филиалының атқарушы хатшысы Надежда Заглядова жүргізді.

Күн тәртібінде партияның «Халықпен бірге!» сайлауалды бағдарламасы аясында әзірленген Жол картасының ауданымызда  орындалу барысы талқыланды.

Негізгі баяндаманы аудан әкімінің орынбасары Бекзат Бадақов жасап, бағдарламалық міндеттердің жүзеге асырылу кезеңдері, әлеуметтік-экономикалық бағыттардағы нақты нәтижелер мен алдағы жоспарлар жөнінде кеңінен баяндады.

Күн тәртібіндегі мәселе аясында партиялық бақылау комиссиясының мүшесі Жаңылсын Ысмағұлова «AMANAT» партиясының «Халықпен бірге!» сайлауалды бағдарламасының Жол картасының Қарғалы ауданында орындалуына қатысты бірқатар өзекті мәселелерді көтеріп, атқарылып жатқан жұмыстардың барысы жайында бірнеше сұрақтарын жолдады.

Сондай-ақ депутаттар тарапынан да қойылған сауалдарға нақты жауаптар беріліп, ұсыныс-пікірлер ортаға салынды. Және де қаралған мәселе бойынша тиісті шешім жобасы бірауыздан қолдау тауып, бекітілді.

Сонымен қатар, жиын соңында аудан әкімі 20 жылдық еңбек өтілі бар партия мүшесі Жаңылсын Ысмағұлованы мерейтойымен құттықтап, гүл шоқтарын табыс етті.

Қарғалы-АҚПАРАТ

Тегтер«AMANAT»