«Зорлық-зомбылықсыз 16 күн» акциясы
2023 жылдың 25 қарашасы мен 10 желтоқсан күндері аралығында «Зорлық — зомбылықсыз 16 күн» республикалық акциясы өтеді.
Осыған орай, «Зорлық — зомбылықсыз 16 күн» республикалық акциясы аудан көлемінде де өткізілуде. Қазіргі кезде қоғамда шешілмей отырған көп мәселелердің бірі отбасындағы әйелдерге қатысты тұрмыстағы зорлық-зомбылықтар болып отыр.
Жалпы тұрмыстық зорлық-зомбылыққа әлсіз балалар, қарттар, мүгедектер мен әйелдер қауымы ұшырайды. Ресми статистикалық мәліметтер бойынша тұрмыстық зорлық-зомбылық әрбір үшінші отбасында кездесіп, тіркелген қылмыстардың 30 пайызын құрайды. Себебі — қызғаныш, маскүнемдік, бұзақылық, әлеуметтік жағдайдың төмендігі.
Акцияның мақсаты — тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және қоғамда отбасының рөлін нығайту, зорлық-зомбылықтың жолын кесу, зорлық — зомбылық жасауға бейімді адамдармен жеке-профилактикалық жұмысты жүзеге асыру.
Сондай-ақ күнделікті өмірде зорлық-зомбылықтың кездейсоқ куәгері болған жағдайда, міндетті түрде 102,111 нөміріне хабарласу арқылы Сіз біреудің өмірін сақтап қала аласыз.
Айгүл ШАЙМАГАМБЕТОВА,
«Бадамша ауылдық округі әкімінің аппараты»ММ-нің
бас маманы.