Өнерлі бүлдіршіндер өрге жүзді

25-26 қараша күндері облыс орталығында “Жұбановтар әлемі” атты мәдени орталықтың ұйымдастыруымен IV республикаллык “Shabyt” шығармашылык байқауы өтті.

Өнерлі бүлдіршіндердің басын қосқан байқауға  8-10 жас ерекшеліктері арасында 30-ға жуық би ұжымдары қатысты. Бұл байқауға аудандық балалар өнер мектебінін хореография бөлімінен “Кербез” би ансамблі  қатысып, нәтижесінде жүлделі 1 орынға ие болды. Бишілерді дайындаған жетекшісі – Набира Мамбетова.

Және де аталмыш байқауда мектебіміздін хореография бөлімінің білім алушылары  Айдана Айтбай мен  Алсу Ахметова  жұп болып өнер көрсетіп, жүлделі 2 орынға ие болды.  Жеңімпаздарды биге баулыған жетекшісі –  Камшат Нуркаева.

Жұлдыз КЕНЖЕ.